Мәзір
31 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Бес емес, үш жұмыс күні»: цифрлық даму министрі жасанды интеллект қазақстандықтарға не беретінін айтты

Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty 2025 форумының кулуарында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллекттің қарапайым қазақстандықтарға қандай пайдасы барын айтты,  деп хабарлайды buginmedia.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Бес емес, үш жұмыс күні": цифрлық даму министрі жасанды интеллект қазақстандықтарға не беретінін айтты "Бес емес, үш жұмыс күні": цифрлық даму министрі жасанды интеллект қазақстандықтарға не беретінін айтты
Фото: nur.kz

Жаслан Мәдиевтің сөзінше, жасанды интеллект бірінші кезекте қайталана беретін функцияларды цифрландыруға және автоматтандыруға көмектеседі, демек бұл адамды қайталанатын іспен айналысудан босатады.

"Адамның шығармашылықпен айналысуына, стратегиялық мәселелерді шешуіне көбірек уақыты болады. Сондай-ақ әлем сарапшылары гипотетикалық түрде, егер экономика толығымен жасанды интеллект негізіне ауысса, бес жұмыс күнінің орнына дәл сондай көлемдегі жұмысты үш күн ішінде істеуге болатынын айтады, ал қалған екі күнді отбасыңа, өзіңе, өзіңді дамытуға, шығармашылыққа арнауға мүмкіндік туады, ал нәтижесі дәл қазіргідей болады. Жасанды интеллект жұмыс тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, стратегиялық мәселелерге көбірек уақыт бөлуге жағдай жасайды", - дейді Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ Алматыдағы форум аясында Жаслан Мәдиев жасанды интеллектті енгізудің еңбек нарығына сын-қатері туралы да айтқан. 

Апта талқысында: