Мәзір
18 қазан, 2024 / BuginMedia / Денсаулық

Маймыл шешегінен көз жұмғандар саны мыңнан асты

Африкада маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны 1 мыңнан асқан, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Маймыл шешегінен көз жұмғандар саны мыңнан асты Маймыл шешегінен көз жұмғандар саны мыңнан асты
Фото: istockphoto.com

Бұл туралы Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Жан Касея мәлімдеді.

Оның мәліметінше, соңғы бір аптада осы індеттен 50 адам қайтыс болған. Сондай-ақ ол жағдайдың бақылаудан шығып бара жатқанын айтып, халықаралық серіктестерді көмекке шақырды.

Біз бұл індетпен күресуді жалғастырып жатырмыз және оның барлық Африка елдеріне таралуын қаламаймыз. Біз тиімді әрекет ету үшін уәделерді нақты қаржылық құралдарға тез айналдыруымыз керек деді Жан Касея.

Африканың CDC және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған алты айлық жоспардың болжамды бюджеті шамамен 600 миллион доллар, оның 55% қазірдің өзінде бөлінген.

Сонымен қатар Замбия мен Зимбабве осы аптада маймыл шешегін жұқтыру жағдайларының бар екенін растаған, ал Кенияда вирустан алғашқы өлім тіркелген. Бұл ретте Руанда мен Конго елдерінде індетке қарсы вакцинация басталған.

Жыл басынан бері Африкада маймыл шешегін жұқтырғандардың жалпы саны 42 мыңнан асқан.

Апта талқысында: