Мәзір
14 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Ақтөбеде кепілге алынған әйелдің жағдайы ауыр

Қазір қылмыскердің қолында кепілде болған әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтөбеде кепілге алынған әйелдің жағдайы ауыр Ақтөбеде кепілге алынған әйелдің жағдайы ауыр
Фото: style.rbc.ru

Бұл туралы Ақтөбе облыстық  Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеді.

 – Бір пациент ота үстінде көз жұмды. Ал екіншісінің жағдайы өте ауыр. Хал үстінде жатыр. Дәрігерлердің бақылауында, – деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратжан Ханғалиев.

Естеріңізге сала кетсек, өткен түнде Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды. Қаланың Мәскеу ауданындағы жеке үйдің біріне белгісіз адам баса-көктеп кіріп, үш тұрғынды кепілге алған болатын. «102» нөміріне түскен ақпарат бойынша полиция оқиға орнына жедел жеткен. Әуелде полицейлер күдіктімен келіссөз жүргізуге тырысқан. Алайда күдікті көнбеген соң полиция тұтқындарды құтқару операциясына кіріскен. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Түнгі оқиғада зардап шеккен жандар облыстық ауруханаға жеткізілді.

Шұғыл операция 41 жастағы әйелге жасалған. 24kz-тің хабарлауынша, оның басы жарақаттанған және қолдары пышақпен тілімделген. Әзірге ауыр халде. Қылмыскер кепілге алған екі тұрғын сол түні қаза тапты. Әлгі әйелдің 67 жастағы анасы ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ал 75 жастағы өгей әкесі операция кезінде қайтыс болды. 

Апта талқысында: