Мәзір
18 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қар, көктайғақ, жел: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 19-21 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қар, көктайғақ, жел: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды Қар, көктайғақ, жел: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай күтіледі.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Апта талқысында: