Кәсіпкер алдымен көшеде қайыр сұрап жүрген кір-қожалақ адамды жуындырып, кейін дүкенге апарып киіндірген.
«Мынандай құрметті өмірімде көрмеп едім» деп көзіне жас алған ол қайырымды жігітке алғысын жаудырды.
Кәсіпкер видеода «Ағаға пәтер алып берейік деп едік, ол жер үйді қалады. Жұма сайын келіп тұратын боламыз, жұмысқа тұрғанша көмектесіп тұрамын» дейді.
Қонақүйге қарағанда, бұл оқиға Астанада болған секілді. Желі қолданушылары қайырымды жігітке алғысын жаудырған.