Мәзір
9 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Жер шыр көбелек айналғандай күй кештім»: отбасылы келіншек 25 жылдан кейін ойламаған оқиғаға тап болған

Заңгер Ләззат Рақышева күйеуінен опасыздық көрген әйелдің хатын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Жер шыр көбелек айналғандай күй кештім": отбасылы келіншек 25 жылдан кейін ойламаған оқиғаға тап болған "Жер шыр көбелек айналғандай күй кештім": отбасылы келіншек 25 жылдан кейін ойламаған оқиғаға тап болған
Фото: istockphoto.com

"Егер, өз басымнан өтпесе сатқындық дегеннің осыншама адам баласына ауыр тиетініне сенбес пе едім. Әсіресе, ері мен әйелі арасындағы сатқындықты айтып отырмын. Мінекей 25 жыл уақыт өтті. Бірақ, жүректе жазылмастай жара қалды. Ол кезде жасым 43 те болатын. Қыздарымыз өсіп, бірі оқу бітіріп, екіншісі мектеп бітіретін жылы аспандағы ай мен күн жерге түсіп, жер шыр көбелек айналғандай күй кештім. Өйткені, жолдасымның бір жылдан бері өзінен 19 жас кіші қызбен кездесіп, араларындағы байланыс тереңге кеткенін білдім. Сол күнгі жай-күйімді айтып жеткізу мүмкін болмас. Барлық қиыншылық, жоқшылықты бірге көріп, аяққа тұрған кезде еркектің нәпсісіне ие бола алмай мені ғана емес, мәпелеп бірге өсірген қыздарына да сатқындық жасағаны кешірілмес күнә ма деп ойлаймын. Ана қыз бізді сыртымыздан біліп жүріпті, мені де жақсы көреді-мыс, маған қызмет жасауға дайын екендігін айтыпты. Жолдасым да оны сүйіп қалған, өйткені менен қалай екі адамды сүюге болады деп сұраған сұрағының өзі маған ауыр тиді емес пе. Білмей бір жыл, мен біліп қойғаннан кейін де тағы бір жыл араларында байланыс үзілмеді, мен оны сезіп жүрдім. Бір күні әдеттегідей түннің бір уағында келгенде, киімдерін жинап есікті ашып қолына ұстаттым да, енді бара ғой мазамды алма деп есікті іштен тарс жауып алдым, сол кеткеннен мол кетті. Үстімнен жүк түскендей болды, бірақ күндер өте санамнан болған оқиға бір минутқа да есімнен кетпей айналды да тұрды. Кәзіргі тілмен айтқанда депрессиядан өз күшіммен және достарымның көмегімен шығып қатарға қосылдым. “Дайын асқа тік қасық” дегендей еш қиыншылық көрместен ана әйел үйге де, еркекке де қолы жетті. Балалары бар, өмір сүріп жатыр, бірақ қандай өмір екенін бір Алла біледі", - деп жазған келіншек.

Апта талқысында: