Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елімізде қалың қар орталықта, түнде солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, күндіз елдің шығысында күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.
Қалың қар Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының таулы аудандарында, күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысында күтіледі.