Мәзір
5 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Анама әкем екеуіміз сатқындық жасадық»: қызы әкесінің 16 жыл сақтаған құпиясын айтты

Заңгер Ләззат Рақышева Жаңа жылдн кейін өзіне келген кезекті хатты жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Анама әкем екеуіміз сатқындық жасадық": қызы әкесінің 16 жыл сақтаған құпиясын айтты "Анама әкем екеуіміз сатқындық жасадық": қызы әкесінің 16 жыл сақтаған құпиясын айтты
Фото: istockphoto.com

"Ләззәт ханым, Жаңа жылыңызбен! Менің Жаңа жылдағы көңіл-күйімді жеткізу оңай болмай тұр. Анама әкеміз екеуіміз сатқындық жасадық. Менің үлгі тұтқан әкемнің екінші отбасы бар екен, ол жақта сіңілім мен інім бар. Анамды 16 жыл бойы алдап келіпті. Сол екінші отбасындағы балаларымен мені таныстырды. Анама айтқаным дұрыс па? Әлде үндемей түк болмағандай жүргенім дұрыс па? Мен өтірік айта алмайтын адаммын. Жүрегім алай-дүлей, анама қарап жылағым келеді. Анам ешнәрсе білмейді, күнде дәмді асын пісіріп, әкемнің асты-үстіне түсіп киімін жуып, бүкіл жағдайын жасап келеді. Өмір бойы қасындағы жан жары алдап келгеніне жүрегім ауырады. Әкемді асқар тауым, ондай әке бұл әлемде жоқ деп ойлағанмын. Бірақ бұл ісі дұрыс па?", - деп жазған қыз.

Апта талқысында: