Мәзір
1 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жаңа жылдың алғашқы күніне ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 1 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жаңа жылдың алғашқы күніне ауа райы болжамы жарияланды Жаңа жылдың алғашқы күніне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Pinterest

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон әсер етеді, оған байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында бұрқасын және екпінді желмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.

Күндіз шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, батысындаа, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 30 м/с және одан да көп қатты жел күтіледі.

Апта талқысында: