Станислав есімді бозбала қазір 16 жаста, оқыс жағдайда үйінде шыққан өртте бүкіл отбасынан айырылды. Қазір жетім қалды.
«Төрт күн бұрын өртте отбасым толығымен көз жұмды. Әкем, бір әпкем, екі қарындасым, бір інім қаза болды. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болатынмын. Өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Бірақ тоқ тұтанып, өртке ұласқан дейді. Иіс газы жылдам тарап кеткен дейді.
Марқұм әкем 40 жаста, әпкем 18 жаста, екі кіші қарындасымның бірі 13-те, екіншісі 7-да, інім 10 жаста болатын. Бәрі көз жұмды. Ал 7 жыл бұрын анам қайтыс болған. Ал менің көзім нашар көреді. Көру деңгейі -4.
Інім мен қарындастарымды қалаға алып кетіп, оқытсам деген арманым бар еді. Енді ол арманым орындалмас күйге айналды. Жападан жалғыз қалғандай сезініп жүрмін. Ары қарай не істерімді де білмеймін», - дейді Станислав.
Осыдан кейін маскадағы жігіт 16 жасында жалғыз қалған бозбалаға пәтер сыйлап, оқуының ақшасын төлейтінін және көзін емдеуге көмек берілетінін айтты.
Айта кетейік, жуырда Солтүстік Қазақстан облысында үй өртеніп, жалғызбасты әке 4 баласымен бірге жанып кеткені туралы хабарланған болатын.