Мәзір
22 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

21-22 желтоқсанның арасы: қаратүн басталды

21-22 желтоқсанның арасын "Қаратүн" деп атайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Асқар Омаров өз Facebook-тегі парақшасында айтқан, деп хабарлайды buginmedia.kz.

21-22 желтоқсанның арасы: қаратүн басталды 21-22 желтоқсанның арасы: қаратүн басталды
Фото: Reddit

"21-22 желтоқсаның арасын Карачун (Қаратүн) дейді. Бұл жылдың ең ұзын түні.

Карачун нені білдіреді? Қара (ұзын, күшті) түн немесе Қара шың деп түсінуге болады. Қазақ Нартуған деп атайды.

Бұл көне ғұндардан қалған көне дәстүрдің бірі. Ішінде мистика мен сакрализация бар.

Бұл түнде адамдар далада от жағатын, жерді жылытатын. Солай ең ұзын түнді қысқартатын. Оттың қасында бақсылар және елтілер халықты аластайды.

Келе жатқан қыста аман қалсын деп ырымдайды.

Жалпы бұл салт үлкен Еуразия дәстүріне айналды.

Мысалы славяндар "карачун" деп өлімді атайды. Ресей сардары Суворовтың бір сөзі бар: "Үшеу саған шабуыл жасаса: біріншісін пышақта, екіншіні атып таста, үшіншіге - карачун!"

Қазіргі кезде Карачунды мажарлар Карачон дейді. Карачун салты болгарларда да сақталған.

Бүгінгі түнде де кішігірім от жағып, әруақтарға тағзым етіп Карачун (Нартуған) атап өтуге болады. Бірақ қауіпсіздік ережесін сақтауды ұмытпаңыз. Қыс жеңіл болсын!", - деп жазды ол.

Апта талқысында: