“Мен өмір бойы мұндай жағдайды бастан өткерген адамдардың сторис түсіргенін түсінбейтінмін. Бірақ қазір мен сіздерден қатты өтінемін, өтініш! Менің балам бар. Ол кішкентай, ол бұл туралы ештеңе білмеуі керек. Сіздер менің соңғы жылдары қандай тозақта өмір сүргенімді елестете алмайсыздар. Мен баламды осы ақпараттан қорғауым керек. Өтінемін, егер мүмкін болса, ештеңе таратпаңыздар, сіздерден өтініп сұраймын” – деді әнші.
17 желтоқсан күні таңертең Анна Седокованың бұрынғы күйеуі, латвиялық баскетболшы Янис Тимма Мәскеу орталығында өлі күйінде табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, спортшы әншінің туған күнінен кейін өз-өзіне қол салған. Седокова 16 желтоқсанда 42 жасқа толды.
Анна Седокова мен Янис Тимма 2020 жылы некелескен, бірақ 2024 жылы ажырасып кеткен.