Мәзір
17 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлемде

16 жастағы жасөспірім әке-шешесі мен бауырларын атып өлтірді

Күдікті қылмыс болған жерден қашпай, полицияға өзі хабарласып, мас күйінде жасағанын мойындаған, деп хабарлайды buginmedia.kz The Economic Times -қа сілтеме жасап.

16 жастағы жасөспірім әке-шешесі мен бауырларын атып өлтірді 16 жастағы жасөспірім әке-шешесі мен бауырларын атып өлтірді
Фото: istockphoto.com

Қазір тергеушілер оның мұндай жантүршігерлік әрекетке не итермелегенін анықтау үстінде.

Сенбі күні таңертең, яғни 14 желтоқсан күні Нью-Мексико штатының Белен қаласында тұратын 16 жастағы Диего Лейва 911 нөміріне қоңырау шалып, ата-анасы мен жасөспірім бауырларын атып өлтіргенін ашық мойындаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде, ол үйден қолын көтеріп шығып, қарсылықсыз берілді. Билік өкілдері оның мас күйінде болғанын, алайда ұстау кезінде тәртіп сақшыларына кедергі келтірмегенін айтты.

Үй ішінен 42 жастағы әкесі Леонардо Лейва, 35 жастағы анасы Адриана Бенкомо, 16 жастағы қарындасы Адриан Лейва және 14 жастағы інісі Александр Лейваның мәйіттері табылды. Марқұмдардың барлығы оқ жарақатынан көз жұмған. Оқиға орнын тексеру кезінде ас үстелінен тапанша тәркіленді.

Диего Лейва ұсталғаннан кейін алдымен уытсыздандыру мақсатында жергілікті ауруханаға жеткізілді. Кейін ол адам өлтіру айыбы бойынша Альбукеркедегі жасөспірімдер түзету мекемесіне ауыстырылды. Қазіргі таңда оған бірінші дәрежелі адам өлтіру бойынша айып тағылды.

Оқиға жергілікті тұрғындар есеңгіреп қалған. Күдіктінің бұрынғы мұғалімі Ванесса Лагранж Диегоның мұндай сұмдық іске барғанына сенгісі келмейтінін айтты.

«Мен Диегоны осындай аяусыз әрекетке қабілетті деп ешқашан ойламаппын», – деді ол.

Тұрғындар арасында бұл оқиға бұрын-соңды болмаған, ойға симайтын сұмдық деп сипатталып жатыр.

Нью-Мексико штатының полициясы мен тергеу тобы осы қайғылы оқиғаның түпкі себебін анықтауға күш салып жатыр. Әзірге жасөспірімді мұндай қылмысқа не итермелегені белгісіз. Тергеушілер барлық дәлел-дәйектерді мұқият қарап, оқиғаның мән-жайын толық ашуға үмітті.

Апта талқысында: