Мәзір
15 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Шерзат Полат пен ағасының өлімі: адвокаттар өздеріне үлкен қысым жасалып жатқанын айтты

Әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Саида Таукелева мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шерзат Полат пен ағасының өлімі: адвокаттар өздеріне үлкен қысым жасалып жатқанын айтты Шерзат Полат пен ағасының өлімі: адвокаттар өздеріне үлкен қысым жасалып жатқанын айтты
Фото: видеодан алынды

Айтуынша, адвокаттарға әлеуметтік желі арқылы жағымсыз пікір жазатындар көбейген.

"Шерзат ісі бойынша адвокаттарға үлкен қысым жасалып жатыр. Адвокаттар елімізде құқықтық және әділетті қоғам қүруға тырысып жатыр.Сондықтан сіздерден қолдау күтеміз", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.11 күдікті қамауға алынды.

9 желтоқсан күні Талғар маңынан Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Полиция Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Жерлеу рәсімінен кейін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды. 

Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митингке шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа бұзақылық бабы бойынша 20 АЕК айыппұл салынды. Күйеу баласы Айғазы да 15 күнге қамалды.

Апта талқысында: