Мәзір
15 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

2025 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр? Астролог болжамын айтты

Келе жатқан 2025 жыл – жасыл ағашты мекен еткен жылан жылы. Жылан жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғаны және ол табысты өтуі үшін не істеу керегі туралы астролог Юлия Кацман айтып берді, деп хабарлайды buginmedia.kz Информбюроға сілтеме жасап. 

2025 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр? Астролог болжамын айтты 2025 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр? Астролог болжамын айтты
Фото: pixabay.com

Юлия Кацман жылан жылында махаббат пен бақыттың айнымас белгісіне айналған Юпитер ғаламшарының қазақстандықтарға ерекше қамқорлық көрсететінін айтады. Астрологтың сөзіне сенсек, көптеген қазақстандық жаңа жылда қаржылық жағдайын жақсартады. 

"2025 жыл – жасыл ағашты мекен еткен жылан жылы. Шығыс елдері жыланды аса төзімді, мінезі сабырлы бауырымен жорғалаушы деп ерекше бағалайды. Келер жылы осы қасиеттерді өзіне серік қылған адамдар зор табысқа жетеді, өмірінің барлық саласында жолы болады. Астрология тұрғысынан қарайтын болсақ, үлкен бақыттың ғаламшары Юпитер егіздер белгісінен шаяндарға қарай жылжиды. Ал біздің Қазақстан осы шаян жылында құрылған болатын – Тәуелсіздігімізді желтоқсанда алдық. Яғни бұл келер жылдың біздің мемлекетіміз үшін аса сәтті болатынын білдіреді. Юпитердің өзі біздің елге қорған, демеу болып тұрғандай әсер қалдырады. Көптеген қазақстандық аңсап жүрген тұрақтылыққа қол жеткізіп, қаржылай қиындығының барлығын шешеді, экономикалық жағдайы жақсарады. Сондай-ақ несие алып, кәсіп бастап кету үшін де сәтті жыл болады", – деп жазды Юлия Кацманның сөзін 

Астролог 2025 жылы Балық, Шаян, Сарышаян шоқжұлдыздарының отбасылық өмірге көбірек көңіл бөліп, шаңырақ көтеретінін және баспаналы болатынын айтады. Ал некедегілері балалы болады. 

"Мамыр айынан бастап қыркүйекке дейін Сатурн ғаламшарының себебінен көптеген елде жағдай ушығып, тоқтылар аздап қиналады. Алайда бұл теріс жағдайлар Қазақстанға көп әсер ете қоймайды, Германия секілді алыс шетелдерде тұрақсыздық орнауы мүмкін. Тамыз айының соңынан бастап махаббат пен бақыт ғаламшары Венера жаңа таныстықтардың барлығын ерекше қамқорлығына бөлейді. Әсіресе су белгілері Балық, Шаян, Сарышаяндар өмірлік жарын жолықтырып, шаңырақ көтереді. Ал сүйіктісін кездестіріп үлгергендер балалы болады. Барлық қазақстандық дерлік шаңырақ көтеру, тұрғын үй алу, жылжымайтын мүлікті сату туралы көбірек ойланып, барлық бастамасын сәтті жүзеге асырады", – деді астролог. 

Әр шоқжұлдызды не күтіп тұр?

Жұлдызнама маманы 2025 жылы ерекше табысқа кенелу үшін не істеу керегін айтты. Бұл үшін алғашқы қадамды жыл иесі жыланды риза етуден бастау қажет. 

"Жаңа жылды жасыл және қоңыр киім киіп қарсы алған артық болмайды. Себебі жасыл түс рухани байлықтың белгісі, табиғат ананың түсі. Биыл ағаштағы жыланның түсі болғандықтан, қоңыр түстің де пайдасы мол – ол тұрақтылықтың белгісі. Жылан жеңіл тағамдарды жақсы көретіндіктен, дастарханда көкөніс пен салат, егістік қышатүс, асжапырақ, авокадо секілді жасыл шөптің мол болғаны абзал. Мұнымен қатар дастарханда таза су, шырша және мандарин тұрса, табыстың өзі біртабан жақындай түседі отбасыңызға. Ет асқан да артық болмайды, оның тәбеті өте жақсы. Шығыста жыланды осылай күтіп алып, қатты құрметтейді", – деп түсіндірді астролог. 

Ары қарай Юлия Кацман жаңа жылда әр шоқжұлдызды не күтіп тұрғанын айтып берді. Бірі алыс шетелге сапарға аттанса, енді екіншілері күтпеген жерден материалдық байлыққа кенеледі. 

"Екінші жартыжылдықта Арыстандар өзінің денсаулығына көп көңіл бөліп, денсаулығын жақсартады. Бикештер жолын ашатын адамдармен танысса, Таразылар мансабында жетістікке жетеді. Сарышаяндар алыс жолға шығып, шетелдіктермен жұмыс істейді, ал Мергендер күтпеген жерден олжалы болады. Оларға жақындары бағалы мұра қалдыруы мүмкін. Тауешкілер шаңырақ көтеріп, сүйіктілерімен берік қарым-қатынас орнатады. Суқұйғыштар жұмысты бірінші орынға қояды және өмірінің осы саласында әбден жолы болады. Балықтар мен Шаяндар үшін махаббат жылы – отбасына көбірек көңіл бөліп, балалы болады. Тоқты да отбасын бірінші орынға қойып, үй мәселесін реттейді. Торпақтар жол жүріп, өзіне керек адамдармен танысады. Егіздер мол ақшаға кенеліп, байлықтың астында қалады. Жұмыста жалақылары өседі", – деп сендірді Юлия Кацман. 

Апта талқысында: