Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік және оңтүстік циклондар айқындайтын болады. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болуы болжанады. 16 желтоқсан қар, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қардың жаууы күтіледі. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, боран күтіледі.
Еліміздің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендеуі күтіледі.