Мәзір
11 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жанып жатқан ұшақтан екі адамды құтқарған бейбіт заманның батыры: марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев туралы туралы тың деректер шықты

2021 жылы наурызда Алматы әуежайы маңындағы Қызылту ауылында ҰҚК әуе қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жанып жатқан ұшақтан екі адамды құтқарған бейбіт заманның батыры: марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев туралы туралы тың деректер шықты Жанып жатқан ұшақтан екі адамды құтқарған бейбіт заманның батыры: марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев туралы туралы тың деректер шықты
Фото: newqazaq.kz

Ұшақ бортында болған алты кісінің төртеуі қаза тапқан. Сол кезде екі адамның өмірін сақтап қалуға Алматы облысы жедел жәрдем стансасының фельдшері Нұрғанат Ғайыпбаевтың атсалысқаны белгілі болып отыр.

2021 жылы «Newqazaq.kz» ақпараттық агенттігіне сұхбат берген Нұрқанаттың өзі жағдайды баяндап берген.

«Сол күні жұмыста болатынмын. Сағат 17-20-да диспетчер қызметінен апат болды деген шақырту түсті. Оқиға болған жерден ара қашықтық 7 шақырымдай екен. Жалма жан сол бағытқа бет алдық. 7 минутта оқиға орнына жеттім. Хабарламада қоршаудың сырты деп түскен, алайда самолет ұшу-қону жолағына жетпей қоршаудың ішіне құлапты. Айналып келу үшін уақыт жоғалтатын болғандықтан, қоршаудан асып түсіп, қолыма биксімді ала сала жүгірдім. Самолет жанып жатыр. Өрт сөндірушілер мен авиациялық дәрігерлер де арғы жағынан келе жатыр екен. Жанып жатқан самолетке қарай жүгірдік. Борттың жанында өрт ішінде ессіз жатқан екеуін сүйреп алып шығып, алғашқы көмек бердік. Біреуін авиациялық дәрігерлер, біреуіне алгоритм бойынша алғашқы көмекті өзім көрсеттім. Оларды емханаға жеткізу үшін қосымша 3 бригада шақырдым. Лезде 18-ші бригада келді. Науқасты емханаға алып кетті. Негізінде әлеужелідегі «батыр жігіттер» – тек науқасты алып кетіп, емханаға жеткізушілер. Сол жерде Алматы қаласының жедел жәрдем қызметінің міндетін атқарушы Пархат Надыров жұмысқа ауысу туралы ұсынысты тек екеуіне емес, бәрімізге айтты. Екеуі келісімін берді, мен өз ортамды таңдадым», – деген еді Нұрғанат.

Нұрғанат 10-шы бригада қайтыс болғандарды анықтап, зерттеу жұмыстарын жасау үшін өзімен қалғанын айтқан. Түнгі он-он бірге дейін сонда болған. Өрт өшірілген. Екі адамды кабинаның алдынан, біреуін ортасынан, ал біреуін борттың сыртынан тапқан. Алматының жедел жәрдем қызметі бәрі біткен кезде сағат 19.30-дарда жеткен. 

«Бұл бір мақтанарлық жағдай емес, алайда «шындық неге бұрмаланды, осындай сын сағатта кім өз ұпайын түгендегісі келді екен»,- деген ой мазалады. Ертесіне жұмысқа келгенде басшылардан заң талаптарын бұзғаным үшін ұрыс есіттім. №230 бұйрық бойынша төтенше жағдай тәртібін бұзғаным рас. Самолет жанып жатыр, айналаның бәріне бензин төгілген. Кез келген жағдайда самолет жарылуы қаупі жоғары. Қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетім. Бірақ маған сол сәтте, өз өмірімді сақтайтын ережеден гөрі азаматтық, адамгершілік парызым жоғары тұрды. Сәлден соң, ашулары басылған соң меңгерушіміз Баян Есенұлы арқамнан қағып, «сен нағыз ерлерше әрекет еттің» деп алғысын айтты. Аға фельдшерлер Назерке Айдархан мен Алтынай Анарбек те өз алғыстарын білдірді. Алматы облысы жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Омар Нұрғали Омарұлы мен Алматы облысының аға фельдшері Серік Анарбекұлының алғысы да мен үшін барлық марапаттан үлкен, – дейді Нұрғанат.

Басылым сол тұста Нұрғанат Ғаипбаев Талғардың тумасы екенін жазады. Өзі 1994 жылы туған. Ағайынды бесеуі де осы салада жұмыс істеген. Ағасы Қаржаубай Нұрымов ГРЭС –тегі №23 жедел жәрдемде дәрігер, үлкен әпкесі Салтанат Алматыдағы әйелдер босанатын перенаталдық орталықта акушер, екінші әпкесі Перизат Талғардағы жүйке аурулары ауруханасында медбике болса, қарындасы Сымбат Алматыдағы Асфендиаров атындағы медициналық университетінің студенті болған. «Бүгінгі бейбіт заманның батыры – Нұрғанат Ғайыпбаевты ел тануы тиіс» делінген мақалада.

Апта талқысында: