Мәзір
10 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өзін қорқытып жүрген адамның есімін жария етті

Алаяққа алданып, үйсіз қалған танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Астанада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, өзін кімдердің қорқытып жүргенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өзін қорқытып жүрген адамның есімін жария етті Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өзін қорқытып жүрген адамның есімін жария етті
Фото: әлеуметтік желіден

 «Құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра Тәжімбетованың жолдасы өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырды. Бірақ мен одан қорықпайтынымды айттым. Мемлекеттік қызметкер бола отыра, лауазымды қызметін пайдаланып отырғаны қаншалықты дұрыс? Өз қызметін пайдаланып, алаяқтыққа неге жол беріп отыр деген ой келді. Нақты дәлелім жоқ. Бірақ әйел адамға ер адамның дауыс көтеріп, қоқан-лоқы көрсетуіне мүлде құқығы жоқ», — дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Актриса тергеу жүріп жатқандықтан, істің өзге мән-жайын айта алмаймын дейді. Дегенмен, ол Диляра Тәжімбетованың күйеуі, яғни, өзін шенеунікпін деп таныстырған адамның аты-жөні Нұржан Қатаев екенін ашық айтты.

«Бастапқыда Дилярамен сөйлесіп, келісімшарт жасағанда бұл адамның қатысы болмаған еді. Бірақ соңғы кездесуде Нұржан Қатаев менімен дөрекі сөйлесіп, қоқан-лоқы көрсетті. Өзінің лауазымды қызметте екенін жеткізгісі келген шығар. Бірақ мен ешкімнен қорықпаймын. Халық бар, БАҚ бар. Заң барлығына бірдей деп ойлаймын», — дейді актриса.

Актрисаның өзі қазір төрт баламен пәтер жалдап жүргенін айтты.

«Менің пәтер жалдап жүргенімнің еш әбестігі жоқ. Мен бір жыл ғана күтемін деп ойладым. Осылай 2 жыл уақыт өтті», — дейді актриса.

Адвокат Жанарбек Бектеміровтің айтуынша, азаматтық қылмыстық істің материалдарына сәйкес, пәтердің құны 160 млн теңгеге бағаланған.

«Коттедж үйдің бағасы 170 млн теңгеге бағаланған. Оның 10 млн теңге айырмашылығы кесте бойынша төленуі керек еді. Жұлдыз коттеджді алу үшін пәтерін сатып, ақшалай салмақ болды. Бірақ үйлерді айырбастау туралы ұсыныс түсіп, осы жағдай болып отыр», — дейді Бектеміров.

«TUMARGrandVillage» компаниясынан алданған 6 адам оның үстінен арыз жазған. Бүгінгі таңда жәбірленушілердің топтық шағымдануымен құрылыс компаниясының басшысына қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда жәбірленуші тарап істің жылжымай отырғанын айтып отыр. Олар бұл жағдай бойынша ІІМ белсенді жұмыс істегенін қалайды.

Аппеляциялық сотта жеңілген тарап Жоғарғы сотқа шағымданған.

Апта талқысында: