Мәзір
5 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Танымал әнші Арман Сейітжаппар қамауға алынды: полиция мән-жайын айтты

Алматыда ARO лақап атымен танымал әнші Арман Сейітжаппардың ұсталуына қатысты мән-жай белгілі болды, деп хабарлайды buginmedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал әнші Арман Сейітжаппар қамауға алынды: полиция мән-жайын айтты Танымал әнші Арман Сейітжаппар қамауға алынды: полиция мән-жайын айтты
Фото: deezer.com

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полицияның мәліметінше, оқиға 2 желтоқсан күні кешкісін болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Шаляпин көшесінде "Тойота" көлігін тоқтатқан. Медициналық сараптама жасалып, жүргізушінің есірткілік мас күйінде болғаны анықталды.

Тергеу барысында көліктің иесі әнші ARO екені белгілі болды, ол көлікті ағасына жүргізуге берген.

15 КҮНГЕ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Сотта іс көлік иесіне қатысты “басқаруды мас күйіндегі адамға беру” бабы, ал жүргізуші, әншінің ағасына қатысты “көлік құралын мас күйінде басқару” бабы бойынша қаралған. 

Сот екі айыпталушыны да әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. Әнші Арман Сейітжаппар 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ әнші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Апта талқысында: