Қазақстан аумақтарының басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда – тұман, еліміздің оңтүстік-батысында – көктайғақ күтіледі.