Мәзір
19 қараша, 2024 / BuginMedia / Экономика

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылы кімдер декларация тапсыратынын мәлімдеді

Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынқызы кімдер декларация тапсыратынын және кімдер дакларация тапсырудан босатылғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылы кімдер декларация тапсыратынын мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылы кімдер декларация тапсыратынын мәлімдеді
Фото: istockphoto.com

Дина Құсайынқызының айтуынша, төменде аталған Қазақстан азаматтары декларация тапсырудан босатылады.

“Қазақстаннан тыс жерде жылжымайтын мүлкі мен көлігі, шетел банктеріндегі банктік шоттарында 1000 АЕК көлемінде ақшасы жоқ Қазақстан азаматтары активтері мен міндеттемелері туралы кіріс декларациясын тапсырудан және декларациялаудан босатылады”, – деді Дина Құсайынқызы.

Сондай-ақ ол декларация тапсыратындарды тізбектеді. Яғни, шетелде 3,7 миллион теңгеден аса ақшасы бар Қазақстан азаматтарының декларация тапсыруға міндетті екенін айтты.

“Шетелде инвестициялық бағалы металдар, шетелдік компанияларда үлесі болса, тұрғын үй құрылысына қатысты үлесі болса, бағалы қағаздары, туынды қаржы құралдары, брокерлік шоттарында ақшасы, зияткерлік меншігі, авторлық құқық пен цифрлық активтері, парламенттік кредиторлық берешегі, құны 1000 АЕК-тен асатын мүлкі бар кез келген адам кіріс декларациясын тапсыруы қажет. Қалғандары декларациядан босатылады”, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.

 

Апта талқысында: