Ол ішкі ағзасындағы жарақаттар салдарынан көз жұмған.
«Мой город» порталының жазуынша, оқиға 14 қарашада болған. Күдікті ретінде марқұмның 48 жастағы қызы ұсталды. Белгілі болғандай, бірге ішімдік ішіп отырған анасы мен қызы арасында жанжал туындаған.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 106-бабы, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.