Мәзір
13 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

«Ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығарып салды»: Жүрсін Ерман ауыр дерті туралы айтты

Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін айтып, қиын кезді есіне алды,деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығарып салды": Жүрсін Ерман ауыр дерті туралы айтты "Ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығарып салды": Жүрсін Ерман ауыр дерті туралы айтты
Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Жүрсін Ерман бұл туралы "1001 түн" бағдарламасында айтты.

"Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты. Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барып, емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөппен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", - дейді ақын. 

Апта талқысында: