"Әр қазақ әйелі – жалғызым. Өте керемет сөздер. Жеке өз басым әйелдер қауымын, ана-апа, қарындастарымызды сыйлаймын. Бірақ өкінішке орай, әйел кісілер бар арақ ішетін, темекі шегетін. Клубта жұмыс істейтін таныс жігіт Салтанат министрдің әйелі бола тұра клубтарда жүретін дейді қысқа көйлек киіп, мас болып. Аллаһ кешірсін, қатты айтсам. Ақиқатты айту керек. Әрине бұл ажал. Осы өлімге күйеуін итермелеген Салтанаттың өзі деп ойлаймын. Жатқан жері жайлы болсын. Ішімдік ішіп өлгені өзіне өте ауыр болады. Аллаһ кешіріп, рахымына бөлесін. Салтанаттың жағдайы барша әйелдерге сабақ болсын. Өтініш, ана, әйел, апа, қарындас сөзге сай болыңдаршы. Арақ ішпеңдер, күйеулеріңізді тыңдаңыздар. Жаман болмайсыздар. Иә, келісемін, тура осындай еркектер оңбаған", – дейді ол.
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді осы пікірді сторисінде бөлісіп, өткір реакция білдірді. “Сендер құтырып кеткен жоқсыңдар ма? Сөздеріңе жауап беріңдер! Халықтың есебінен ақша жинап, әбден үрейді ұмытқан екенсіңдер” деп жазды ол.
"Мұсылманбыз дейтіндердің шын бейнесін қараңдар. Шын мәнінде, азып кеткен … (нормативтен тыс лексика). Халық ақшасына семіргені соншалық беттері кадрға сыймайды. Оған қоса бірдеңе дейді", – деп жазды Амангелді.
Елжас Шора өзінің қателескенін мойындап жазба жариялады, бірақ Қуандық Бишімбаевты ақтау ойында жоқ екенін айтады.
Еске сала кетсек, 13 мамырда Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.