Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

27 қарашада доллар қаншадан саудаланып жатыр?

27 қарашада доллар қаншадан саудаланып жатыр? 27 қарашада доллар қаншадан саудаланып жатыр?
ашық дереккөз

Қазақстанда апта соңында доллар мен еуроның бағасы жоғары деңгейде қалып отыр. 27 қарашада Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада доллар 453,72 теңгеден сатып алынып, 460,72 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 495,72 теңге болса, сату бағасы 505,72 теңгеге жеткен. Ал Ресей рублі 5,25 теңгеден сатып алынып, 5,45 теңгеден сатылуда. Қытай юанінің бағасы 67,74–71,74 теңге аралығында қалыптасқан.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 456,25 теңгеден сатып алынып, 458,19 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 500,56–505,14 теңге аралығында. Ресей рублі 5,25–5,36 теңгеден, ал юань 67,29–69,50 теңгеден саудалануда.

Айта кетейік, 26 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,48 теңгеге өсіп, 458,85 теңге болған.

Ал Қазақстан Ұлттық банкінің 27 қарашаға белгілеген ресми бағамы 458,85 теңге болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2