Мәзір

Экс-депутат Болатбек Әлиев Серік Жұманғариннің кеңесшісі болды

Экс-депутат Болатбек Әлиев Серік Жұманғариннің кеңесшісі болды Экс-депутат Болатбек Әлиев Серік Жұманғариннің кеңесшісі болды
ашық дереккөз

Кәсіпкер, бұрынғы Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев қыркүйек айының соңынан бері Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеп жүргенін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әлиевтің сөзінше, ол бұл қызметті қоғамдық негізде атқарады және еңбегі үшін жалақы алмайды.

«Кеңесші болуды ұсынғанда, Серік Мақашұлы осы тәжірибемді Үкімет жұмысына пайдалануға болатынын айтты. Мен келістім. Бұл жұмысты қоғамдық негізде атқарамын, жалақы алмаймын», – деп жазды ол.

Болатбек Әлиев кеңесші болуға келісуіне кәсіпкерлік және мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі себеп болғанын айтады. Оның сөзінше, ол өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өңірлерді дамыту, көлік және логистика салаларындағы мәселелерді жақсы біледі.

Кәсіпкер өз алдына қойған негізгі мақсаттарына жеткенін, бірнеше мың адам жұмыс істейтін кәсіпорындар құрғанын атап өтті. Қаржылық дербестігі оған өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сондай-ақ ол Серік Жұманғаринмен бұрыннан таныс екенін айтты. Министр оның ауыл шаруашылығындағы жобалары мен Мәжіліс депутаты кезіндегі жұмысынан хабардар болған.

Әлиевтің жазуынша, 2024 жылы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың келісімімен Үкімет делегациясының құрамында Мәскеуге барған. Сол кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық комиссия отырысында қазақстандық кәсіпкерлердің тасымал, транзит және сауда саласындағы мәселелерін Ресей үкіметінің басшысы алдында көтерген.

Қазіргі уақытта штаттан тыс кеңесші мемлекеттік органдардың ұсыныстарын саралап, олардың халық пен кәсіпкерлерге ықпалын бағалауға қатысады.

«Мақсат – мемлекеттің мүддесін сақтай отырып, халыққа да, кәсіпке де пайдалы жол табу», – деді Болатбек Әлиев.

Ол жинаған тәжірибесін ел игілігіне жұмсап, Қазақстанда өз еңбегімен табысқа жеткен, тұрмысы жақсы әрі тәуелсіз азаматтар санын арттыруға үлес қосқысы келетінін жеткізді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2