Мәзір

Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты арнайы мақсаттағы күштердің жаңа қолбасшысы тағайындалды

Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты арнайы мақсаттағы күштердің жаңа қолбасшысы тағайындалды Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты арнайы мақсаттағы күштердің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды. Тиісті өкімге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, Азамат Бақытжанұлы Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметімен қатар Айрықша мақсаттағы күштерге жетекшілік ететін болады.

Айрықша мақсаттағы күштер Мемлекеттік күзет қызметінің құрамына кіреді. Құрылым күзетілетін адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ведомствоға жүктелген басқа да міндеттерді орындауға қатысады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Хасенов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген құжатта.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Айтқұрман Омарбеков атқарған. Ол Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2