Жазира Байырбекова күйеуімен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ерлі-зайыптылар классикалық образда табиғат аясында серуендеп келе жатқанын көруге болады.
Оқырмандар Жанболат пен Жазираны франциялық жұпқа ұқсатып, жылы лебіз білдірген.
"Мен тіпті танымай қалдым", "Қандай керемет стиль. Құдды Парижде серуендеп келе жатқан жұп секілдісіздер", "Шынымды айтсам, танымай қалдым", "Жазира тура франциялық ару сияқты болып қалыпты", "Жанболат аға тура Жозе болып, Жазира ханым Жазель болып тұр", "Жанболат ағаның дауысы ұқсап та, келісіп те тұр", - деп жазуда көпшілік.