Мәзір
3 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлемде

Иранда хиджабты шешіп тастаған бойжеткен қамауға алынды

Иранда сырт киімін толық шешіп тастаған қыз қамауға алынды, деп хабарлайды buginmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Иранда хиджабты шешіп тастаған бойжеткен қамауға алынды Иранда хиджабты шешіп тастаған бойжеткен қамауға алынды
Фото: видеодан алынды

Оқиға бойжеткен білім алып жатқан университет аумағында болған. Қыз осы әрекетімен иджаб киюге қарсылығын білдірген.

Желіде тараған видеода киімін шешіп тастаған қыздың Тегерандағы университет алдында отырғанын көруге болады. Amnesty Iran дерегіне сәйкес, бұл жағдайдан кейін қызға зорлық көрсетілуі мүмкін. 

Сондай-ақ бұған дейін ол қауіпсіздік қызметі тарапынан хиджабты дұрыс кимегені үшін қудалауға ұшырағаны белгілі болды. Х желісінде тараған қыздың видеосы қоғамда қызу талқыға түсті. Кейбіреулер оның "батылдығына" қолдау білдірген. 

Университеттің қоғаммен байланыс директоры Саид Амир Махджубтың айтуынша, қауіпсіздік қызметі қызметкерлері қызды полицияға тапсырған, бірақ оған күш қолданды дегенді жоққа шығарды.  Алғашқы тергеу қыздың қатты күйзелісте болғанын көрсеткен.

Апта талқысында: