Непал Туризм министрлігінің мәліметінше, жоғалғандар арасында Германия, Испания, Нидерланд, АҚШ, Аустралия және Ұлыбритания азаматтары бар. Із-түзсіз кеткен туристердің басым бөлігі Үндістан азаматтары екені айтылды. Сонымен қатар 26 полиция қызметкері де хабар-ошарсыз кеткен.
Табиғи апат Бхоте-Коси өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуінен болған. Тибеттен бастау алатын өзен Непал аумағы арқылы ағады. Тасқыннан Тимуре мен Сьяпрубеси елді мекендері қатты зардап шеккен. Су базарлар мен тұрғын үйлерді басып, полиция бөлімшелері мен гидроэнергетикалық нысандарға зиян келтірді. Бірнеше жол мен көпір қираған.
Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Мамандар су тасқынына мұздық көлінің жарылуы себеп болуы ықтимал деген болжам жасап отыр.
Қазір апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Непал премьер-министрі Балендра Шах операцияға армия мен қауіпсіздік күштерін жұмылдыруды тапсырды. Қызыл Крест ұйымы да ауданға гуманитарлық көмек жөнелтті.