ТАСС агенттігінің мәліметінше, сот үкімі сырттай шығарылған.
«Сот Гасановқа төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Жаза сырттай тағайындалды. Оның мерзімі сотталған адам ұсталған немесе экстрадицияланған сәттен бастап есептеледі», – деп хабарлады сот.
Сот үкіміне сәйкес, мемлекет кірісіне Мәскеудің Пресненский ауданында орналасқан құны 46 миллион рубль болатын коммерциялық ғимарат та тәркіленді.
Мемлекеттік айыптаушы жарыссөз барысында блогерді сырттай алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Гусейн Гасановқа Ресей Қылмыстық кодексінің 174.1-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру (жылыстату) айыбы тағылған.
Қылмыстық істі Мәскеудің Пресненский аудандық соты сырттай қарады. Сондай-ақ сот Гасановқа қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.
Тергеу мәліметінше, блогер жеке кәсіпкер ретінде 170 миллион рубльден астам салық төлемеген. Кейін бұл қаражаттың заңды жолмен алынғандай көрінуі үшін қаржылық операциялар жүргізіп, Мәскеудегі 1-ші Красногвардейский өткелінде орналасқан құны 68 миллион рубльден асатын жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін жасаған. Тергеу мұны заңсыз алынған қаражатты жылыстату әрекеті ретінде бағалаған.