Мәзір
30 қазан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жас блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен трюк жасаймын деп көз жұмды

Жас блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі дөңгелегінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлады buginmedia.kz.

Жас блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен трюк жасаймын деп көз жұмды Жас блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен трюк жасаймын деп көз жұмды
Фото: видеодан алынды

Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желіде айты.

Жол-көлік оқиғасы 29 қазанда Алматыдағы "Сокол" автодромында орын алған. Автокөліктің рөлінде 45 жастағы Анатолий Подлипалин болған. Ол көлікпен келгенде трюк жасайтын 22 жастағы Батырхан Ержанов қозғалатын көліктен асып секіруі керек еді, бірақ соны орындау барысында жазатайым оқиға болып, Ержанов дөңгелек астында қалған.

Оқиғадан кейін ол ауыр ми жарақатымен және денесінде көп жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 30 қазанда Батырхан алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлады Әлібеков.

«Ол (Батырхан) менен көлікті сұрады. Бермеп едім. Телеграмда сол үшін көп талқы өткізген едік. Соңында трюгы үшін бердім. Сол трюктарының бірінде ол ауруханаға түсті. Ауыр жарақаттан есін жимай, қайтыс болды. Мен білмеймін... Ата-аналарымен... Сөзім жоқ. Туған-туыстары, жақындарына көңіл айтамын. Көлікті бермеуім керек пе еді...» - деді Әлібеков.

Апта талқысында: