Мәзір
Бүгін, 13:11 / BuginMedia / Спорт

Испания – Аргентина: Әлем чемпионатының финалын Қазақстанда қайдан көруге болады?

20 шілдеге қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы анықталады. Финалда қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы Испаниямен кездеседі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Испания – Аргентина: Әлем чемпионатының финалын Қазақстанда қайдан көруге болады? Испания – Аргентина: Әлем чемпионатының финалын Қазақстанда қайдан көруге болады?
hudsonriverblue.com

Аргентина жеңіске жетсе, соңғы 64 жылда әлем чемпионы атағын қорғаған алғашқы құрама атанады. Ал Испания турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы болуы мүмкін.

Матч қашан және қайда өтеді?

Финал АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы New York – New Jersey Stadium стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 20 шілдеде сағат 00:00-де басталады.

Тікелей эфир

Финалдық кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Студиялық бағдарлама сағат 23:20-да, ал жабылу рәсімі мен финалдық матчтың трансляциясы 23:50-де басталады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2