Мәзір
Бүгін, 11:02 / BuginMedia / Спорт

Бибісара Асаубаева сүйіктісімен бірге футболдан Әлем чемпионатына барды

Қазақстандық шахматшы, әлемдік деңгейдегі гроссмейстер Бибісара Асаубаева футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты аясындағы үшінші орын үшін өткен матчты Майамидегі әйгілі Hard Rock Stadium стадионында тамашалады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бибісара Асаубаева сүйіктісімен бірге футболдан Әлем чемпионатына барды Бибісара Асаубаева сүйіктісімен бірге футболдан Әлем чемпионатына барды
фото: instagram

Ол кездесуді Өзбекстан құрамасының көшбасшысы, гроссмейстер Жавохир Синдаровпен бірге көрген.

Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында стадионнан түсірілген фотосуреттерді жариялап, алған әсерімен бөлісті.

«Футболды стадионнан тамашалау мүлдем бөлек әсер береді», – деп жазды шахматшы.

Айта кетейік, Майамидегі Hard Rock Stadium аренасында өткен үшінші орын үшін матчты 64 478 жанкүйер тамашалап, стадион толық көрерменге толды. Тартысқа толы кездесуде Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2