"Жанқош Тұраров енді қазір тергеліп жатқан жоқ. Боксшыға қатысты қылмыстық іс биыл 20 қазанда тоқтатылған. Іс жүргізу шеңберінде сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша зорлау фактісі расталмады. Әуезов аудандық прокуратурасы шешіммен келісті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын Әнару Қалдыбекқызы есімді қыз "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағым түсірген болатын. Боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды, кейіннен Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растады.
Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 2009 жылдан бері өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін ол барлық 28 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Үйленген, балалары бар.