Мәзір
Бүгін, 11:48 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Бұған дейін Атырау облысы Жангелдин ауылында болған отбасының қатыгездікпен өлтірілуі туралы істі хабарламады деген күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық қудалау толығымен тоқтатылды. Тергеу барысында оған тағылған күдік бойынша іс жүргізуді жалғастыруға негіз болмағаны анықталған. Осылайша, Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол аталған іс бойынша жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
видеодан алынды

Атырау облысының прокуратурасы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатты. Бұған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы себеп болған.

Прокуратура мәліметінше, негізгі қылмыстық іс аясынан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша жеке іс бөлінген.

Алайда тергеу кезінде Ақбаян Мұқанғалиеваның дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы алдын ала білгені және оны қасақана жасырғаны туралы дәлелдер анықталмаған. Осыған байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Мұқанғалиеваның әрекеттерінде Қылмыстық кодекстің 434-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері дәлелденбегендіктен, 2026 жылғы 24 маусымда қылмыстық іс тоқтатылды, – деп хабарлады прокуратура.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың көктемінде Сұлтан Сәрсемәлиев алдымен жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ағасы Наурыз Мұқанғалиевті өлтірген.

Кейін қылмысты жасыру мақсатында ол әйелінің ата-анасы Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Үтешқалиеваны, сондай-ақ Ақбаянның әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргені айтылды.

Сот отырысы барысында Сәрсемәлиев төрт адамның өліміне себеп болған жарақаттарды өзі салғанын мойындады.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстан кейін ер адам Наурыз Мұқанғалиевтің атына несие рәсімдеп, оның атынан туыстарымен хат алмасқан. Кейін ол Меккеге барып, «күнәлары үшін Құдайдан кешірім сұрағысы келгенін» айтқан.

Одан соң іздеуде жүргенін біле тұра, әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге Бали аралына барған.

Сотта айыпталушы қылмысқа әйелінің туыстарымен ұзақ уақыт бойы жалғасқан жанжал себеп болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақбаянның ата-анасы олардың отбасын және бес баласын ажыратуға әрекет жасаған. Сәрсемәлиев бұл жағдайды қылмысқа түрткі болған негізгі себептердің бірі ретінде атады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2