Мәзір
26 қаңтар, 2026 / BuginMedia / Әлеумет

Қазақстанда жемқорлардың мемлекеттік лауазымдарға сайлану құқығы шектелмек

Сенатор Нұрлан Бекназаров сайлау мен референдумдарға азаматтардың жекелеген санаттарының қатысуын шектеуді ұсынды. Ол бұл бастаманы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында көтерді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда жемқорлардың мемлекеттік лауазымдарға сайлану құқығы шектелмек Қазақстанда жемқорлардың мемлекеттік лауазымдарға сайлану құқығы шектелмек
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Сенатордың айтуынша, сот шешімімен еңбекке қабілетсіз деп танылған азаматтар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғалар сайлау мен референдумдарға қатыспеуі тиіс.

Сонымен қатар, Бекназаров мемлекеттік лауазымдарға сайлану құқығына да шектеулер енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ сот арқылы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны дәлелденген тұлғалар мемлекеттік қызметке сайлана алмауы керек.

«Мұндай норма қоғамның сұранысына жауап береді және мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтеді», - деді сенатор.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер сайлау процестері мен билік институттарына деген қоғамның сенімін нығайтуға, сондай-ақ мемлекетті басқаруға қатысқысы келетін азаматтар үшін жоғары стандарттар қалыптастыруға бағытталған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2