Мәзір
5 қазан, 2025 / BuginMedia / Саясат

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

«Алматы қаласының даму орталығы» АҚ директорлар кеңесі жаңа басқарма төрағасын бекітті. Бұл қызметке Руслан Берденов тағайындалды, деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: facebook.com/ruslan.berdenov

Бірінші болып бұл әлеуметтік желіде Respublica партиясынцң мүшесі, блогер Бейбіт Әлібеков хабарлады. Алматы әкімдігі ақпаратты растады.

Алматы даму орталығы – мегаполистің тұрақты дамуына арналған стратегия мен жобаларды әзірлейтін негізгі құрылым. Ұйым зерттеу орталығы, жоба кеңсесі және пікір алмасу алаңы ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ әкімдікке инфрақұрылым, көлік, экология және цифрландыру салаларында бастамаларды енгізуге қолдау көрсетеді.

«Ақыры барлық идеяны тез жеткізіп, іске қосуға мүмкіндік болады деп сенемін. Қоғамдық көлік, кептеліс, инвестиция, туризм мәселелері де қарастырылады», – деп жазды Әлібеков.

Руслан Берденов бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, экономика және инфрақұрылым бағыттарына жетекшілік етті. Ол 2025 жылдың сәуірінде өзіне жасалған қастандықтан кейін қоғамға кеңінен белгілі болды. Шабуыл үлкен қоғамдық резонанс тудырды, ал Берденов сауығып шыққан соң қызметке қайта оралды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2