Мәзір
21 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Алдағы үш күнде жаңбыр, бұршақ жауады

Алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының ықпалы республиканың басым бөлігіне сақталады – найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz

Алдағы үш күнде жаңбыр, бұршақ жауады Алдағы үш күнде жаңбыр, бұршақ жауады
Фото: earth.com

Ауа райы кезеңнің соңына қарай республика батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы ығысып, жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман түседі.

Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +20…+25°С дейін төмендейді.
Орталықта түнде +9…+18°С, күндіз +18…+30°С.
Шығыста түнде +7…+18°С, күндіз +19…+27°С.
Батыста түнде +15…+23°С дейін жоғарылап, күндіз +30…+37°С.
Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +25…+33°С.
Оңтүстікте түнде +13…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +27…+35°С.
Оңтүстік-шығыста түнде +10…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +20…+32°С күтіледі.

Апта талқысында: