Мәзір
6 тамыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

2010 жылға дейін өмірге келген қазақстандықтарға мемлекет 70 мың теңге төлей ме: Еңбек министрлігі жауап берді

1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды buginmedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2010 жылға дейін өмірге келген қазақстандықтарға мемлекет 70 мың теңге төлей ме: Еңбек министрлігі жауап берді 2010 жылға дейін өмірге келген қазақстандықтарға мемлекет 70 мың теңге төлей ме: Еңбек министрлігі жауап берді
Фото: kapital.kz

Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: