Мәзір
25 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Аудандық мәслихат төрағасына қарақшылық шабуыл жасаған 3 адам ұсталды

ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері аудандық мәслихат төрағасына жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі, деп хабарлайды buginmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аудандық мәслихат төрағасына қарақшылық шабуыл жасаған 3 адам ұсталды Аудандық мәслихат төрағасына қарақшылық шабуыл жасаған 3 адам ұсталды
фото: видеодан алынды

15 шілдеде бетперде және капюшон киген екі ер адам Астраханка ауылында ерлі-зайыптылардың үйіне кіріп, аңшы мылтығымен қорқыту арқылы қарақшылық шабуыл жасаған. Олар жәбірленушілерді байлап, үйлерінің жертөлесіне қамап кеткен. Өздері бағалы бұйымдарды қолды қылған. Келген залал 4 млн теңгені құраған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті үш адам ұсталған. Олардың екеуі Жамбыл облысының, бірі Түркістан облысының тұрғыны. Олар бұған дейін бірнеше рет осындай қылмыстар үшін сотты болғаны анықталған. Тінту барысында жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар тәркіленген. Қазіргі уақытта үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ақпаратта.

Апта талқысында: