Мәзір
24 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Қолымен істегенін, мойнымен көтерсін»: Айзаттың жұмбақ өлімі туралы қайын атасы айтты

Айзаттың жұмбақ өлімі жайлы оның қайын атасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды buginmedia.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

"Қолымен істегенін, мойнымен көтерсін": Айзаттың жұмбақ өлімі туралы қайын атасы айтты "Қолымен істегенін, мойнымен көтерсін": Айзаттың жұмбақ өлімі туралы қайын атасы айтты
Фото: dzen.ru

«Атпен сүйреп өлтірді дегені жалған. Соны жариялаған блогерді сотқа беремін. Біз арақ ішпейтін, шылым шекпейтін адамдармыз. Ұлымның да ондайды қолданғанын көрмеппін», — деді ол.

Сондай-ақ, ұлының әділ жаза алуы керек екенін айтты.

«Изоляторға барған жоқпын, мүлдем бармаймын. Қолымен істегенін, мойнымен көтерсін. Үкімет әділ жазасын берсін. Әділ шешсін. Не болғанын Алла біледі. Ешқандай көмектесіп жатқан жоқпын, қорғаушы да жалдаған жоқпын. Өз мойнымен көтерсе, өзі көтерсін. Мен оны ақтамаймын, не деп ақтаймын?», — деді қайын атасы.

 

Апта талқысында: