Мәзір
24 шілде, 2025 / BuginMedia / Денсаулық

Әлназарова медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар неше жылға сотталатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне күш қолданғандарға қатысты қатаң жаза енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әлназарова медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар неше жылға сотталатынын айтты Әлназарова медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар неше жылға сотталатынын айтты
Фото: Kazinform

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қылмыстық кодекске жаңа өзгерістер енгізілмек. Медицина қызметкерлеріне күш қолдану, қорқыту жағдайларын жеке баппен қарастыратын 158-1-бап әзірленіп жатыр.

"Мен еңбек жолымды медбике, кейін қабылдау бөлімінің дәрігері ретінде бастағанмын. Бұрын мұндай оқиғалар мүлде кездеспейтін. Қазір мұндай шабуылдар ай сайын тіркеліп отыр. Бұл жағдайдың күрделене түскенінің белгісі", – деді Әлназарова.

Жаңа заң жобасына сәйкес:

Егер медициналық қызметкерге күш қолданамын деп қорқытса — 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылады;

Егер нақты күш қолданса — 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады;

Егер бұл әрекет төтенше жағдай кезінде жасалса — 10 жылға дейін,

Ал бірнеше адам тарапынан бір немесе бірнеше медицина қызметкеріне күш қолданылса — 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Әлназарованың айтуынша, бұл өзгерістер қыркүйек айында Парламент қарауына ұсынылады.

Апта талқысында: