Бұл маңызды ақпаратты «Не Молчи KZ» қоры мәлімдеп, полицияның жауапсыздығына шағымданды. Күдікті 2 қызға мысық көрсететінін айтып, балалар алаңынан алып кеткен екен.
«Ер адамды кеше кешке босатты. Ал ол ертесі күні қайта басқа балаларға шабуыл жасады. Полиция оны тағы да босатып жіберді” деп жазды қор.
Айта кетейік, қыздар дүкеннен келе жатқанда мас ер адамға кездейсоқ жолығып қалған. Ол үлкен қыздың мойнынан сүйіп, омырауынан ұстаған. Кішісін де сүйген. Үлкен қыз қарсылық білдірген кезде оны жерге итеріп жіберген. Апалы-сіңлі қашып құтылған. Ал күдіктіні көршілер полиция келгенше ұстап отырған.