"Нұрғанаттың анасының айтуы бойынша, сол күні доктор (Абдмрахманов Бауыржан ) Қаржаубайдың отбасына қатысты бейне жазба жариялаған көрінеді. Жәбірленуші ретінде танылған Жұмабике ханымның доктордан жауап алып, жазаға тарту туралы арызы аяқсыз қалған. Бұдан бөлек күмән келтіретін жәйттар ҚПК 24 бабына сәйкес толық тексерілмеген", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Еске салайық, қоғамда көп резонанс тудырған 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен соң шамамен екі айдан кейін немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев кенеттен қайтыс болған еді. Оның денесі Талғар маңынан табылды.