Айтуынша, ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі қабылданған, қазір бұл мәселемен үш институт айналысып жатыр.
"Бұл мәселе күн тәртібінде бар. 2024 жылы еңбек министрлігі осы жылдар аралығында алғаш рет ең төменгі еңбекақыны анықтау әдістемесін қабылдады. Бүгінде бірнеше институт еңбек өнімділігінің нақты көрсеткіштерін, өңірлер, салалар бөлінісіндегі медианалық жалақы бойынша зерттеулер жүргізуде және соның барлығы ең төменгі жалақыны есептеуге негіз болады", – дейді министр.
Министрдің айтуынша, зерттеу жүргізгеннен кейін ең төменгі жалақы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерілуі мүмкін.
Өз кезегінде Қаржы министрі Мәди Тәкиев ең төменгі жалақынының шамамен алынған сомасы бар екенін айтты.
"Қазіргі уақытта ең төменгі жалақы шегі есептелуде, оны еңбек министрлігі жүргізіп жатыр. Онда соңғы үш жылдағы орташа өсім ескеріледі. Ол шамамен 90 мың теңгеден сәл асады, бірақ есептеулер әлі де жүргізілуде. Ұлттық экономика министрлігі де есептеулер жүргізіп жатыр", - деді Қаржы министрі Мәди Тәкиев.
Қазір еліміздегі ең төменгі жалақы – 85 мың теңге.