Мәзір
18 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы қазақстандықтардың дербес деректерінің таралып кетуіне еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады «Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

Корпорация ХҚКО жүйесінде азаматтардың дербес деректерін қамтитын дербес дерекқор жоқ екенін атап өтіп, электрондық үкімет порталының қызметіне жауапты емес екенін мәлідеді. 

«Осыған орай, келесі маңызды жайттарды атап өтейік. ХҚКО ИАЖ-да азаматтардың жеке деректерін сақтайтын арнайы мәліметтер базасы жоқ. ХҚКО қызметкерлері бұл жүйелердегі жеке деректерге тікелей қол жеткізе алмайды. Сервистерге қосылу тек қызмет алушының келісімімен, биометрия немесе қолжетімділікті басқару жүйесі арқылы расталғаннан кейін ғана жүзеге асады», – делінген хабарламада.

Корпорация ссылайша ХҚКО азамат мемлекеттік қызметке өтініш бере алатын интерфейс қана екенін атап өтіп, барлық мәліметтер тиісті реестрлерге ие уәкілетті мемлекеттік органдарға тікелей жолданатынын жеткізген.

16 маусым күні желіде 16,3 млн қазақстандықтың жеке деректері таралып кеткені туралы ақпарат тараған. Ұрланған жазбалар арасында қазақстандықтардың аты-жөні, ЖСН, телефон номері сияқты деректері бар. 

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың деректері ұрланбағанын, таралған деректер бұған дейін қолды болған ақпарат екенін, оны біреу жинап, қайта таратқанын айтты.

Апта талқысында: