Мәзір
22 мамыр, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Саған көп сұрақ қоймайды, келісіп қойдым»: сотталушылардың желіде тараған сөздеріне қатысты судья қаулы шығарды

Желіде Шерзат Полаттың сот отырысынан кейінгі үзілісте айыпталушылардың айтқан сөздері тарап, қызу талқыланып жатыр,   деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Саған көп сұрақ қоймайды, келісіп қойдым": сотталушылардың желіде тараған сөздеріне қатысты судья қаулы шығарды "Саған көп сұрақ қоймайды, келісіп қойдым": сотталушылардың желіде тараған сөздеріне қатысты судья қаулы шығарды
Фото: t.me/Jogargy_sot/

Сот отырысы аяқталғаннан кейін қатысушылар тарқап жатқан сәтте екі адамның сөздері естіледі.

– Жылап қоя жаздадым, дұрыс сөйледім бе?
– Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын.

Кімдердің сөйлескені белгісіз. Алайда желі қолданушылары бұл айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының арасындағы келісім деген болжам айтып жатыр.

Бүгін судья Ержан Жанұзақов осы мәселеге қатысты қаулы шығарып, Алматы облысының прокурорына тексеріс жүргізуді тапсырды.

Апта талқысында: