Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі судьяның әрекетіне заңнама талаптарына сәйкес қызметтік тексеру тағайындалатын хабарлады.
"Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына қастандық жасауға қатысты қылмыстық істі қарау барысында төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаевтың әрекеттері Судьялық әдеп кодексін бұзу-бұзбау тұрғысынан тексеріледі. Оның қорытындысы бойынша материалдар судья әдебі жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады. Егер судьяның ар-намысына дақ түсіретін теріс қылық жасағаны расталса, материалдар Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданады" – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі қандай жағдай болмасын, судьялар кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтап, қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге міндетті екендігін жеткізді.