Мәзір
20 мамыр, 2025 / BuginMedia / Спорт

Енді оқушылар алыстағы спорт жарыстарына полициямен бірге барады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, оқушыларды спорт жарыстарына бақылаусыз жібермеуді тапсырды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Енді оқушылар алыстағы спорт жарыстарына полициямен бірге барады Енді оқушылар алыстағы спорт жарыстарына полициямен бірге барады
Фото: nur.kz

Оның айтуынша, спортшы оқушылар мінген көліктер жол апатына түсіп, қайғылы жағдайларға себеп болғаны баршаға аян.

“Сондықтан тиісті келісулер болмаса немесе патрульдік полиция бастап жүрмесе, спортшы оқушылардың өз елдімекендерінен тыс жерлерге шығуына жол бермеуді тапсырамын”, – деді ол.

Апта талқысында: